20 қыркүйек 2022 11:08

Екібастұзда электр энергиясы бағасын заңсыз көтеру белгілері тексеріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қаржы мониторингі агенттігі Екібастұзда электр қуаты бағасы заңсыз көтерілді деген күдікпен тексеру бастады. Бұл туралы ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы мониторингі агенттігі Екібастұзда электр қуаты бағасы заңсыз көтерілді деген күдікпен тексеру бастады. Бұл туралы ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті қаладағы электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілеріне байланысты тексеру бастады.

Кәсіпорынның 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен 583 миллион теңгеден аса сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасалғаны туралы күдік бар. Бұл, өз кезегінде, көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу жалғасып жатқаны айтылды. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети