09 маусым 2020 19:30

Екібастұзда карантин күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© el.kz © el.kz

Екібастұзда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт ұлғайғандықтан карантин режимі күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт ұлғайғандықтан карантин режимі күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақта карантин режимі күшейту туралы қаулыны Екібастұз бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Бибіжан Тоғаева қабылдаған. ЖАңа құжат 10 маусымнан бастап күшіне енеді. 

Шектеу шаралары қоғамдық көлікке қатысты - сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Сондай-ақ сауда орталықтарының, ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты қысқарды - сағат 10:00-мен 18:00 аралығында ғана жұмыс істейді. Азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмыс уақыты - 09:00 мен 20:00 аралығында істейді. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындары, ашық, жазғы алаңы бар орындар сағат 10:00 мен 20:00 аралығына жұмыс істейді және тамақтану орнында 30 адамнан көп отырмауы керек. Сондай-ақ паркте, скверлерде үш адамнан көп жүруге болмайды. Діни орындар, фитнес-орталықтар мен моншалардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.  

Айта кетейік, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәлімеінше, облыста 1-7 маусым аралығында аныталған 76 науқастың 40-ы Екібастұзда тіркелген. Өсім - 36,7 пайыз. 

Жалпы коронавирус пандемиясы басталғалы Павлодар облысында COVID-19 жұқтырған 301 адам анықталған, оның ішінде жеті адам қайтыс болды. 11 науқастың жағдайы ауыр, екі науқас жасанды тыныс алдыру аппараттарына қосылған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети