29 наурыз 2019 17:48

Экс-әйелін қызғанған алматылық бөтен көлікті қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бұрынғы әйелімен жанжалдасып, нәтижесінде көлікжайда тұрған көліктердің бірін қиратып кеткен ер адамға 481 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың сайтына сілтеме жасап.

Соттағылардың мәліметінше, ер адам сол күні ресми түрде ажырасқан әйелінің үйінде болған.

"Әйелінің телефонынан бейтаныс біреуден хабарлама келгенін көріп қалып, қызғаныштан жанжал шығарып, артынша телефонын тартып алып, оны аулаға лақтырып жіберген. Кейіннен көлікжайға барып, сонда тұрған көліктің бірінің кузовы мен әйнегін соққылап қиратып, оқиға орнынан жасырынған", - деді соттағылар.

Ер адам сотта кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұраған.

Осылайша, соттың үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1-бөлігі бойынша ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") айыпты деп танылып, оған 200 айлық есептiк көрсеткiшi мөлшерінде, 481 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети