“Ел беделіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасы маңындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ел беделіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасы маңындағы граффитиге қатысты пікір білдірді Фото: Instagram/@aisultan, Tengrinews.kz оқырманы

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Париждегі Эйфель мұнарасы маңында "Қазақстан" деген жазудың пайда болуына қатысты пікір білдірді. Дипломат мұндай жағдайлар еліміздің шетелдегі беделіне нұқсан келтіретініне келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Париждегі Эйфель мұнарасы маңында "Қазақстан" деген жазудың пайда болуына қатысты пікір білдірді. Дипломат мұндай жағдайлар еліміздің шетелдегі беделіне нұқсан келтіретініне келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің орынбасары егер "Қазақстан" жазуының авторлары Франция заңын бұзған болса, олардың "сөзсіз жазаланатынын" атап өтті.

"Меніңше, бізде де сондай заң бар. Вандализмге жол бермеу керек. Сондықтан азаматтарымыз өздері жүрген елдердің заңдарын сақтауы керек. Қазақстан аумағында жүрген шетелдік азаматтарға да біз осындай талаптар қоямыз", - деді Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында.

СІМ өкілінің мәліметінше, жазуға байланысты дипломатиялық арналар арқылы ешқандай өтініш түспеген.

"Қалай болғанда да, мұндай деректер елшіліктер арқылы пысықталады. Жергілікті билік органдары Қазақстан азаматтары заңнаманы бұзған жағдайда біздің елшілікке хабарласып, азаматтарымыздың заңды немесе тәртіпті бұзғаны туралы хабарлайды", - деп толықтырды министрдің орынбасары.

Журналистер: "Мұндай оқиғалар Қазақстанның шетелдегі имиджіне нұқсан келтірмей ме?" - деп нақтылады.

"Сөзсіз, барған елдің ішкі заңнамасын бұзу ел беделіне нұқсан келтіреді. Біз де бұған солай қараймыз - егер шетелдіктер Қазақстан аумағында осындай әрекеттер жасаса, бұл сол елдердің атына кір келтіреді", - деп жауап берді Бақаев.

Мән-жайы

"Қазақстан" жазуы Эйфель мұнарасы маңында пайда болды - оқиға орнынан түсірілген видео мен суреттерді қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов жариялады.

Жарияланымнан кейін кадрлар желіде тез тарап, түрлі пікір тудырды. Желі қолданушыларының көпшілігі граффитидің пайда болуын сынға алып, мұны қала мен тарихи орынға деген құрметсіздік деп атады.

надпись возле Эйфелевой башниФото: Tengrinews.kz оқырманы

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.55   555.71   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +15
Ақтау +22
Ақтөбе +14
Атырау +23
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +19
П
Павлодар +17
Петропавл +28
С
Семей +19
Т
Талдықорған +26
Тараз +26
Түркістан +18
О
Орал +24
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +15

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер