07 сәуір 2014 15:43

Елбасы білім саласына бөлінген қаржыны тиімді жұмсауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен кездесті деп хабарлайды Теngrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен кездесті деп хабарлайды Теngrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәрінжіпов министрліктің қазіргі қызметі мен Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. ҚР Президенті биыл білім және ғылым саласын дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінгенін, дегенмен мектеп тапшылығы мен үш ауысыммен оқыту және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелердің шешілмей отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде нысандар құрылысына бөлінген қаржыны орынды пайдалануды бақылау қажеттігін ескертті. 

"Шығыс Қазақстан облысында апатты жағдайдағы 52 мектеп бар, солай бола тұра, 2013 жылы бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен 1,5 млрд теңгеге аймақта Бокс пен күрес сарайы салынған. Оңтүстік Қазақстан облысында апатты жағдайдағы 48 мектеп бар, ал бюджеттен тыс қаржы көзі мен жергілікті бюджет есебінен 2012-2013 жылдары 500 млн теңге Салтанат сарайына бағытталды. Қызылорда облысында 25 мектеп құлайын деп тұр, бірақ былтыр Мұз алаңы құрылысына 1,3 млрд теңге жұмсалды. Аталған нысандардың бәрі тұрғындар үшін қажет, бірақ арасында апатты жағдайдағы мектептер мен үшауысымдық оқытуды жою сияқты шешуші мәселелері бар басым бағыттарды анықтай білу қажет", - деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Президенті университеттердің автономдылығы қағидаларын дәл түсіну қажеттігін де айтты. "Автономдылық оқу бағдарламаларына, біліктілікті арттыру мәселелеріне, тәжірибелі оқытушылық-профессорлық құрамды тартуға қатысты. Бірақ кейбіреулер автономдылықты ЖОО-лардың дербестігі, ректорлардың ауыспаушылығы, оқу орнының одан кейінгі жекешеленуі деп түсінеді. Бұл орайда ЖОО-лардың автономдылығын енгізу жағдайлары, оның мақсаты мен міндеттері жайлы нақты бағдар беру қажет", - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев білім беру дамудың, соның ішінде, инновациялық дамудың басты мәселесі екенін атап өтті. "Жастардың мектептегі, техникалық-өндірістік және жоғары білім алуының маңызы зор. Компаниялардың  жастарды дайындауды мемлекеттің көмегімен өз мойнына алуы үшін дуалдық оқыту жүйесін дамыту қажет. Ол үшін еуропалық елдердің тәжірибесін тағы бір мұқият зерттеу керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Елбасы ғылым саласына, атап айтқанда, ғылыми кеңестер жұмысын жетілдіруге ерекше көңіл аударуды тапсырды, өйткені кеңестердің шешімдерінде көп жағдайда объективтілік болмай жатады. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуді кеңейту, университеттерде білім беру сапасын арттыру және мемлекеттік білім гранттарын тиімді бөлу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Білім және ғылым министрі өз кезегінде үш жыл ішінде "Балапан" бағдарламасы шеңберінде балалардың 80%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылғанын айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, үш жыл ішінде барлық аймақта үш ауысыммен оқыту және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу көзделіп отыр. Халқының саны көп Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында бұл мәселелер 2017 жылға қарай шешілмек. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети