Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Елбасы Тенді қола медаль жеңіп алуымен құттықтады

15 Ақпан 2014, 14:16
0
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Tengrinews.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Tengrinews.kz
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Сочи Олимпиадасындағы қола медалімен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев миллиондаған қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Денис Тенді Сочиде өтіп жатқан XXII қысқы Олимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алуымен құттықтады", - делінген ресми сайтта.

«Біздің бәріміз әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары арасындағы тартысты бәсекеге ұласқан мұз айдынындағы сенің өнеріңді демімізді ішке тарта отырып бақылаумен болдық. Сен біздің үмітімізді ақтап, еліміз тарихында алғаш рет спорттың осы түрінен олимпиадалық награданы жеңіп алдың», – делінген Елбасы жолдаған құттықтау жеделхатында.

Мемлекет басшысы Денис Тенге зор денсаулық және спорт саласында жаңа табыстар тіледі. Еске сала кетейік, күллі Қазақстан жұрты үміт артқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 14 ақпан - жұма күні Олимпиада ойындарында ұлттық құрамаға алғашқы медальді алып берген еді. Ол еркін бағдарлама орындау сайысында мінсіз өнер көрсетіп, ең үздіктер қатарында болды. Дегенмен алтын медаль жапониялық Юдзуру Ханюға, күміс медаль канадалық Патрик Чанға бұйырды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай