04 қыркүйек 2017 13:23

Елбасы тергеу жайлы: Адамға қысым көрсетудің айласы әлі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палатарының біріккен отырысында құқық қорғау жүйесін реформалау қажеттігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палатарының біріккен отырысында құқық қорғау жүйесін реформалау қажеттігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Сот жүйесінде қажеттің барлығы қамтылған. Енді халық өз мәселесін шешу үшін әкімдікке бармай, маған жазатын болса немесе сотқа баратын болса, онда судьялардың беделі жоғарылайды. Онда сіздерді бір жетістікке жетті деп санаймыз. Ал, полиция жайлы айтар болсақ, мұнда істейтін дүниелер көп", - деді Назарбаев. 

"Біз Қылмыстық кодекске, Әкімшілік кодекске өзгертулер енгіздік, бірақ тергеу мәселесінде адамға қысым көрсетудің айласы әлі бар. Адам не қорғаушы процестің басынан бастап қатысуы керек. Мысалы бір адамды ақша жымқырды деп айыптайды, бірақ тергеушіде қажетті дерек жоқ... Осылайша оны айыпты ету үшін, оның әйелі үй сатып алды деген сияқты жала жабады. Осы дерекпен соттауға кіріседі. Бұл нағыз шектен шыққандық. Мұны тергеушілер істейді, себебі істің басынан аяғына дейін бақылау жоқ. Қазіргі уақытта біз осы мәселені шешу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз", - деді Президент.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети