06 наурыз 2021 16:01

Елдегі жалғыз хор мектебін сату: Мәдениет министрлігі ақпаратқа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 2gis Фото: 2gis

Мәдениет және спорт министрлігі "№1 балалар музыкалық хор мектебін" сату туралы хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрлігі "№1 балалар музыкалық хор мектебін" сату туралы хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектептің сатылатыны туралы Алматы тұрғыны Анна Котельникова жазды. Оның айтуынша, мектеп оқушылары мен қызметкерлері елдегі жалғыз хор мектебінің болашағына алаңдаулы. 

Министрлік ақпаратқа жауап берді. 

"Мәдениет және спорт министрлігі мен ведомство басшысы Ақтоты Райымқұлованың жеке блогына Алматыда мәдениет және өнер саласындағы үш білім беру мекемесін жекешелендіру бойынша Алматы тұрғындарынан көптеген өтініш, шағым келіп түсті.

Атап айтқанда, Алматы қаласы білім басқармасының "№1 балалар музыкалық хор мектебі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын жекешелендіру мәселесі әлеуметтік желілерде жағымсыз резонанс тудырды", - деп жауап берді ведомство өкілі.

Ақтоты Райымқұлова жалпы жағдайға, балалардың ата-аналары мен мектеп қызметкерлерінің болашағы үшін алаңдаулы екені хабарланды. 

"Ақтоты Райымқұлова Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған ресми хатында 2020 жылдың 2 қарашасында Мемлекет басшысы мәдениет нысандарын жекешелендіруге тыйым салуды көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғанын атап өтті.

Жалпы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қолжетімді және сапалы білім беру" атты Қазақстан халқына арнаған V жолдауында "Балаларды мектепке дейінгі жан-жақты дамыту мәселесін шешуіміз керек" делінген. Бұл аталған саладағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту жолын айқындады. Сондай-ақ, Президент балалар үйірмелерін ашуды тапсырды.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Алматыда мәдениет және өнер саласындағы білім беру мекемелерін жекешелендіруге жол бермеу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деп жауап берді Мәдениет министрлігі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети