09 қаңтар 2015 20:53

Елизавета ІІ қазақстандық оқушы қызға хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

София Қайырбаева. Фотосурет қыздың жеке альбомынан София Қайырбаева. Фотосурет қыздың жеке альбомынан

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ қазақстандық оқушы қыздың хатына жауап қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ қазақстандық оқушы қыздың хатына жауап қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

14 жастағы павлодарлық София Қайырбаева үшін бұл хат жаңажылдық сыйлықпен пара-пар болды. Ол Елизавета патшайымға Жаңа жылдың алдында хат жазған. "Қызым Ұлыбритания тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысады, ол ағылшын патшайымына тәнті екенін айтатын. Ол патшайымды Жаңа жылмен құттықтап, оған хат жазбақ болған кезде біз таңғалдық. Хатты қарапайым дәптердің парағына жазды. Біз хат қабылдаушыға жетеді деп ойламадық та. Өйткені патшайымның нақты мекенжайын, индексін білмедік. Бірақ Букингем сарайынан хат алған кезде қызымыздан бетер қуандық. Бұл нағыз Рождество ертегісі болды", - дейді қыздың анасы Сәуле Тойғамбаева. 

Оның айтуынша, Елизавета ІІ өз хатында қазақстандық оқушының хатын жеке оқып шыққанын және оған қатты қуанғанын айтқан. Хатты патшайым кеңсесінің қызметкерлері жазған. "Өзінің ризашылығын білдіре отырып, Елизавета ІІ біздің қызымызға ағылшын елі мен тілін зерделеп жүргені үшін алғыс айтқан, ол сонымен бірге қызымызды Жаңа жылмен және Рождествомен құттықтап, Софияның бір күні Англияға келетініне үміт білдірді", - дейді оқушының анасы. Букингем сарайының мөрі басылған хатпен бірге Англияның суреті бар буклеттер мен ашықхаттар да келген. 

Софияның өзінің айтуынша, ол бір кездері өзі армандайтын елге бару үшін қазір ағылшын тілін меңгеруге күш салып жүр. "Патшайымның уақыт тауып, менің хатымды оқып шыққанына қуаныштымын. Маған жауап қайтарды, бұл өте қуанышты. Енді менің арманым - Англияға бару, бір күні арманымның орындалатынына сенемін", - дейді оқушы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети