10 тамыз 2016 13:40

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Синоптиктер 2016 жылдың 11-13 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.


Синоптиктер 2016 жылдың 11-13 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.

"Оңтүстік-батыс тропосферасында қалыптасқан Ауа массасының ағыны, Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райының қатты ыстығына алып келді. Ауа температурасы өткен тәулікте 9 тамызда климаттық нормадан 4-8 градус жоғары болды. Республиканың шығыс мен оңтүстік-шығысы аудандарында болған жоқ. Таяудағы үш тәулікте, батыс пен солтүстіктің жекелеген аудандарында болуы мүмкін өткінші жаңбырға қарамай, күннің ыстығының төмендеуі күтілмейді. Бұрынғыша максимальды температура 30-35 градусқа дейін, батыста, орталықта және оңтүстікте кей жерлерде 37-42 градусқа дейін көтерілетін болады. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында әдеттегіден төмен ауа температурасымен салқынауа райы сақталады, таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай ойнау болжануда", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Болжам бойынша, бірінші және екінші онкүндігінің бірінші жартысы жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Ал екінші және үшінші онкүндігінің соңында суық әрі ылғалды массалардың арқасында суық жаңбырлар болуы мүмкін, соған қарамастан солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде түнгі уақыттарда қатқақ болуы мүмкін екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети