10 қазан 2019 10:41

Елімізде жалғызбасты аналар саны жарты миллионға жеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде жалғызбасты аналар саны артып барады. Биылдың өзінде олардың қатары жарты миллонға жеткен. Мамандар мұндай тенденцияның кең етек жаюы, яғни арулардың тым белсенді әрі тәуелсіз болуы тым дарақы ұрпақтың көбейіп кетуіне ықпал етеді деп қауіптеніп отыр. Бірақ жалғызбасты аналардың оған қатысты айтар басқа уәждері бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының сюжетінде айтылады.


Елімізде жалғызбасты аналар саны артып барады. Биылдың өзінде олардың қатары жарты миллонға жеткен. Мамандар мұндай тенденцияның кең етек жаюы, яғни арулардың тым белсенді әрі тәуелсіз болуы тым дарақы ұрпақтың көбейіп кетуіне ықпал етеді деп қауіптеніп отыр. Бірақ жалғызбасты аналардың оған қатысты айтар басқа уәждері бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының сюжетінде айтылады.

Бүгінде елімізде 500 мыңға жуық жалғызбасты ана тіркелген. Оның ішінде ажырасқандар мен өздері үшін бала туып алғандар да бар. Қазір мұндай "статусқа" ие болу жастар арасында құдды бір трендке айналғандай. Әрі олар мұнысын "ешқайндай ұят" деп есептемейді, дейді сарапшылар. Ал, заманға сай бойжеткендер үйде де түзде де белсенді бола бастаған.

"Заман өзгеріп, әлеуметтік теңдік, гендерлік теңдік орын алған заман. Дәстүрлі заманда әйел еркекке тәуелді, қазір өзгерді, бізде еркектің өз өмірін қалай реттейді, қандай ұстанымдар өз еркі, демократия ел деген өз таңдауы", - дейді әлеуметтанушы Рамазан Саттаров.  

Рашида Естекбаеваның жасы 25-те. Өзі жалғызбасты ана. Кәсіпкер.  Жолдасымен дәм-тұзы  жараспай, бөлек тұруға шешім қабылдаған.  Оның сөзінше, отбасында зорлық-зомбылық көргеннен гөрі, алаңсыз баланы бағып-қағып өсірген мың есе артық. Ал мұндай шешім қабылдаған аруларды жерден алып, жерге салып айыптаудың түк қажеті жоқ.

"Негізі жалғызбасты ана болу қиын. Өйткені, бізді қоғам қабылдағысы келмейді. Бірақ, менің ата-анам маған қол ұштарын беріп, барынша ішкі күйзеліспен күресуге көмектесті. Әлбетте, ажырасқан ұят саналады. Менің ойымша, үйде күйеуіңнен қысым көріп, зорлық-зомбылықты жасыру, міне сол ұят!", - дейді Рашида Естекбаева.

Ал қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатша, қазіргі арулардың тым еркін, өзімшіл болып қалыптасуына ер жігіттер тікелей кінәлі деген пікірде.

"Ер азамат та еркекше, ер азамтша көтеру керек. Ол да жауапкершілікті сезіну керек, оның етегін ұстағананнан кейін, бірлесіп көтерген жүк жеңіл. Қаншама ата-ана жалғыз өсіп жатыр, жеңіл өмірге үйреніп қалды, үлкен бір отбасындағы тәрбие, ерді ерше, қызды қызша тәрбиелеп мектепке де осы программаларды енгізу қажет", - дейді қоғам белсендісі.

Десе де мамандар арулардың тым белсенді әрі тәуелсіз болуы әкесіз балалардың көбейіп кетуіне ықпал ететінін айтады. Ал әке тәрбиесі жетіспеген жастардың теріс жолға түсіп кету ықтималдығы да жоғары көрінеді. Осы ретте, жастардың санасына отбасылық құндылықтар, ана мен бала, әкенің рөліне қатысты тәрбиені терең құйып, қоғам арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген дұрыс дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети