15 ақпан 2020 09:40

Елімізде сатылып жатқан 3000 ойыншықтың 60 пайызға жуығы талапқа сай келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pixabay.com Сурет: pixabay.com

Елімізде сатылып жатқан 3000 ойыншықтың 60 пайызға жуығы талапқа сай келмейді. Осыған байланысты 185 кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалып, 22 миллион теңгеге айыппұл салынды. Мұндай мәліметті Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынып отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Елімізде сатылып жатқан 3000 ойыншықтың 60 пайызға жуығы талапқа сай келмейді. Осыған байланысты 185 кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалып, 22 миллион теңгеге айыппұл салынды. Мұндай мәліметті Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынып отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір дүкен мен базар сөрелерінде ойыншықтың алуан түрі бар. Алайда, көздің жауын алатын бұл тауарларды сатып алуға бәрінің бірдей қолы жете бермейтін сияқты.

Ел нарығындағы ойыншықтардың құны бәсекелестіктің жоқтығынан қымбат. Еліміздің сауда және интеграция министрі осылай деп пайымдайды.

"Біздің өндіретін қазақстандық тауардың өзінің сапасы мен көлемі аз болғандықтан, жоғары деңгейдегі стандарттар мен техникалық регламенттерге сай өндірушілерді біз өсіруіміз қажет. Сондықтан бұл нарықта қазақстандық тауардың саны көтерілген кезде оның сапасы да, бағасы да басқаша болады", - деді ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Ведомтсво ақпаратынша, Қазақстанда ойыншық өндірумен небәрі 4 кәсіпорын айналысады екен. Демек, ел нарығында саудаланып жатқан тауардың дені - импорттық өнім. Олар негізінен Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстаннан әкелінеді.  

"Біз ай сайын мониторинг жүргіземіз. Ойыншықтарды сатып алып, сапасын, құрамын жіті тексереміз. Былтыр сараптамаға арналып сатылып алынған 2920 ойыншықтың 56 пайызы талапқа сай келмеді. 90 пайызы дұрыс таңбаланбаған. Тауарларды кім өндірген? Жас шектеуі? Мұның барлығы белгіленбеген. Ал 4 пайызы қауіпсіздікке қайшы. Ойыншықтардың құрамында аллергия, бастың айналуы, жүректің айнуын қоздыратын фенол, фармальдегид сынды заттардың мөлшері тым жоғары болған. Олардың көбі Қытайдікі", - деді ҚР ДСМ тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті техникалық регламенттерді бақылау басқармасының бас сарапшысы Рабиға Айтжанова.

Осылайша талапқа сай келмейтін ойыншықтарды саудалаған қазақстандық кәсіпкерлерге байланысты 185 әкімшілік іс қозғалып, 22 миллион теңгеге айыппұл салынған. Алайда, Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті базарлар мен нарықтардағы ойыншықтарды тексеруге мүмкіндік жоқ дейді. Тек түбіртек берілетін сауда орындарына ғана қолжетімдік барын жеткізді. Ал, саудагерлер болса, отандық ойыншық сапасыз дейді.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети