06 маусым 2019 14:44

Елімізде тасымалдаушылар арасында қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар іске асырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ИА Regnum © ИА Regnum


Қазақстан Республикасы ИИДМ Көлік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін және автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік бақылау органдарына жолаушылар тасымалдау және көлік жүргізшілерінің еңбек және демалыс тәртібін сақтауына бақылау жүргізу құзыреттілігін қайтарумен байланысты брифинг өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Көлік комитетінің төрағасы Самат Ғылымовтың мәліметінше, қазіргі уақытта жолаушыларды тұрақты тасымалдау 2566 қалалық, ауданаралық, облысаралық және халықаралық бағыттарда 1 мыңға жуық тасымалдаушы тартылған маршруттарда 19,3 мыңнан аса автобустарда жүзеге асырылады екен. Тұрақты емес тасымалдаушылардың саны - 760. Жол жүру қауіпсіздігіне автобустармен тұрақты емес тасымалдау, жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтпеуі, еңбек және демалыс режимін сақтамауы негізгі қатер төндіреді. Бұл ретте, мұндай автобустардың негізгі бөлігі заңсыз және техникалық ақаулары бар, бұл жол апаты қаупін арттырады.

Жолаушылар тасымалына бақылауды күшейту және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды қабылдау үшін ИИДМ ІІМ-мен бірлескен жоспар қабылдады. Жоспар шеңберінде автомобиль көлігі және жол қозғалысы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру үшін тұрақты емес тасымалдарда жолаушыларды отырғызу және түсіру тұрақтарының кездейсоқ орындарына бірлескен тексерістерге шығу, кез-келген жерлерде жол белгілерін орнату (тоқтауға тыйым салынған, тұруға тыйым салынған) және басқа да шаралар жүзеге асырылатын болады. Осы саладағы барлық проблемаларды ескере отырып, ИИДМ ІІМ-мен қабылданған бірлескен жоспар шеңберінде тасымалдаушылар арасында қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шаралар, оның ішінде заңнамалық түзетулер қабылдау жоспарлануда.

Сондай-ақ автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету тақырыптары қозғалды және олардың бұзылуының негізгі себебі рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып кететін автокөлік құралдарының жүріп өтуі екендігі айтылды. Басым көпшілігінде бұл карьерлерде және инертті материалдар жинағыштарында жүк тиеу жүзеге асырылатын Қытай өндірісінің жүкті өзі аударатын көліктері болып табылады.

Самат Ғылымовтың айтуынша, 2018 жылы көліктік бақылау органдары арқылы 183,5 мың АКҚ тексерілді, 24 242 тәртіп бұзушылық анықталды, 5 миллиард 951 миллион теңгеден аса сомаға айыппұл мен алымдар салынды.

Автожолдардың сақталуын бақылаумен қамтуды арттыру мақсатында Көлік комитеті халықтың белсенді бөлігінен 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы жолдар бойынша инертті жүктерді тасымалдайтын ауыр салмақты жүк көліктерінің жол жүру фактілері бойынша ахуалдық орталықтың "Whatsapp" мессенджері +77080880080 нөмірі бойынша бейнеайналымдар қабылдау акциясын бастады. Комитеттің аумақтық органдары келіп түскен барлық бейне хаттар бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда.

Бұдан басқа, Көлік комитеті инспектордың құқық бұзушымен байланысын болдырмайтын қашықтықтан бақылау нысанына ауысып, ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруін бақылауды толық автоматтандыру бойынша шаралар әзірленуде. Пилоттық жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, брифингте ҚР Көлік саласындағы заңнамасына енгізілген соңғы түзетулер, ондағы негізгі өзгерістердің бірі - тек бөлінбейтін жүкті немесе мамандандырылған автокөлік-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдауға берілетін ауыр салмақты және ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру мәселелері жарияланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети