Елімізде тегін дәрі-дәрмек беру процесі қатаң бақыланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде тегін дәрі-дәрмек беру процесі қатаң бақыланады © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру процесі қатаң бақылауға алынады, -  деп хабарлайды Елорда Инфо Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап.


Денсаулық сақтау министрлігі, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ мен "СҚ-Фармация" ЖШС бірлескен жоба өткен жылдың соңында сынақтан өткізілген болатын. Нобайлы жобаны ісе асыру барысында 191 603 SMS-хабарлама жіберілді. Сонымен қатар, абоненттерден 8123 жауап келіп, мамандар 1218 қоңырауға жауап берді.

"Медициналық сақтандыру қоры былтырдан бастап кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгертті. Жаңа тәртіп бойынша, дәрі қолма-қол берілген және "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесіне дәрінің берілгені туралы белгі соғылған рецептілерге ғана ақы төленуі тиіс.   

Маусым айының соңына дейін пациенттерге SMS-хабарлама жолданады. Хабарлама жүйеге 2019 жылы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін тегін дәрі-дәрмек алғандар ретінде енген тұрғындарға жіберіледі. Жалпы алғанда, ақпараттық жүйеде көрсетілген 5,7 миллион телефон нөміріне хабарлама жіберу жоспарланып отыр", - делінген әкімдіктің сайтында.

Хабарламада рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетіледі. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттер SMS-хабарламаға жауап ретінде "0" санын жолдай алады немесе "СҚ-Фармация" ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалса болады. Қоңырау шалу да, SMS те - тегін.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +22
Ақтау +25
Ақтөбе +18
Атырау +22
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +23
П
Павлодар +19
Петропавл +25
С
Семей +23
Т
Талдықорған +26
Тараз +28
Түркістан +19
О
Орал +19
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер