29 қазан 2019 10:52

Елордада баспана тек кезек бойынша беріледі - Әкім кеңесшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елорда әкімінің кеңесшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерді кезексіз алып жатқаны туралы жалған ақпарат тараған. Кезексіз пәтер беру қарастырылмаған. Әлеуметтік баспана кезекте тұрған азаматтарға заң шеңберінде тек кезек бойынша беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Елорда әкімінің кеңесшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерді кезексіз алып жатқаны туралы жалған ақпарат тараған. Кезексіз пәтер беру қарастырылмаған. Әлеуметтік баспана кезекте тұрған азаматтарға заң шеңберінде тек кезек бойынша беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл ақпан айында мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында коммуникативті ваккум қалыптасты. Бұл мәселені шешу үшін қалалық әкімшілік қоғамдық қабылдаулардың қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін концептуалды шараларды қабылдады.

Екіншіден, бүгінгі таңда әкімдіктің негізгі қызметі халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтық қоғаммен толыққанды өзара байланыс орнатуға бағытталған. Мәселен, елордада әлеуметтік желілерде "кері байланыс" орнатылып, "Жанұя" және iKomek орталықтары жұмыс істер тұр. Сонымен бірге қала әкімінің жанында қоғамдық қабылдау тиімді қызмет атқаруда.

"Биыл маусым айынан бастап әр апта сайын қала әкім, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларымен тұрақты түрде азаматтарды қабылдайды. Атап айтқанда, әкімнің қоғамдық қабылдауы басталған уақыттан бастап, 29 маусымнан бүгінге дейін А.Көлгінов қаланың 500-ден астам тұрғынын қабылдады. Онда 1347 өтінім бойынша мәселе көтеріліп, 89% кешіктірілмей шешімін тапты. Сондай-ақ орынбасарларымен 1,4 мыңнан аса, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 2,5 мыңнан аса елорда тұрғынын қабылдады", - деді Бейсенбаев.

Тұрғындардан түсетін мәселелердің көбі тұрғын үй, білім, несиелік қарызын өтеу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, материалдық көмек, абаттандыруғ ТКШ, жолдарға қатысты.

Екіншіден, "Жанұя" отбасын қолдау орталығы 70-тен аса мемлекеттік қызметті біріктіріп, бір терезе қағидасы бойынша азаматтарға көмек көрсетеді. Ашылған күннен бастап оған 4,5 мыңнан аса адам жүгініп, 8,5 мың мәселе көтерді. Оның 6,5 мыңы бойынга жүйелі консультациялар беріліп, 2 мыңға жуығы шешімін тапты.

Үшіншіден, аудан әкімдіктерімен Open Akimat принципі енгізілді, соның шеңберінде ашық есік күндері өткізіліп, елорданың 1000-нан аса тұрғыны қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети