08 қазан 2020 14:47

Елордада жексенбіде автобустар тоқтамайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

11 қазан, жексенбіде астанада қоғамдық көліктер жолға шығады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


11 қазан, жексенбіде астанада қоғамдық көліктер жолға шығады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күннің салқындауына байланысты, сондай-ақ елорда тұрғындары мен жұмыс берушілерінің өтініші бойынша қоғамдық көлік қозғалысы жексенбіде тоқтатылмайды. "Жексенбіде автобустар 21.00-ге дейін жүреді. Басқа күндері автобустар бұрынғы режимде жүреді", - деп хабарлады компания өкілдері.

Автобустар мен автопарктерде бұрынғыдай әр ауысымнан кейін және соңғы аялдамаларда дезинфекция жүргізіледі.

"Тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Төлем тек қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады", - деп толықтырды CTS өкілдері.

Бұған дейін елордада автобустардың қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылғаны айтылған болатын.

Сонымен қатар, елордада қоғамдық көліктердегі электронды билет жүйесі қаражаттың 40 пайызын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік беретіні хабарланды. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов айтты, - деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Жылжымалы құрам 100 пайыз электронды төлем жүйесімен жабдықталған. Электронды төлемнің үлесі – 100 пайыз. Қолма-қол ақшасыз төлем қаражаттың 40 пайыздан астамын көлеңкелі айналымнан алуға мүмкіндік берді", - деп түйіндеді Даниял Айткенов.

Айта кетейік, азаматтарға ыңғайлы болу үшін бүгінгі күні жолақы төлеудің бірнеше түрі - көлік карталары, SMS, QR кодтары, Face pay, банк карталары жасалған. Бұл бағыт бағдаршамдарды адаптивті басқаруды және қоғамдық көлікті диспетчерлеуді де қамтитын Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети