03 наурыз 2021 11:18

Елордада кімдер коронавирусты көбірек жұқтыратыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы коронавирус инфекциясы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы коронавирус инфекциясы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір тәулікте коронавирустың 68 жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 - симптомы бар, 31 симптомсыз. 73 ошақ анықталды, оның ішінде 54 үй, 19 ұйым. Ауру белгілері бар науқастардың үлесі шамалы артты, қаңтарда 65,2 пайыз, ақпанда 68,09 пайыз болды. Атап айтқанда, 50 жастан асқан адамдар арасында ауру белгілері бар науқастар саны 3,5 пайызға өсті.

30-39 жас аралығындағы адамдар бұрынғыша көбірек вирус жұқтырады, олар 24,8 пайыз, 50 жастан асқандар - 23,5 пайыз, балалар үлесі - 14,9 пайыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Санитар дәрігер жұмысшылардың жиі ауыратынын (48 пайыз) және бұл "ұжымдардағы эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталмауын көрсететінін" атап өтті. Қазіргі уақытта қалада 857 үй ошағы бар, онда байланыста болған 2161 адам дәрігерлердің бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети