19 қыркүйек 2019 17:32

Елордада Тіл туралы заңды бұзған жарнамалар алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік тіл тазалығын сақтау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Солардың бірі - "Тіл тазалығы - баршаға ортақ" жобасы, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтыне сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда мемлекеттік тіл тазалығын сақтау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Солардың бірі - "Тіл тазалығы - баршаға ортақ" жобасы, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтыне сілтеме жасап. 

Кеше Байқоңыр ауданы бойынша жұмыс атқаратын топ Таха Хусейн көшесінде орналасқан нысандарды қарап шықты. Бірінші рет заңға сай емес жарнама, көрнекі ақпарат иелеріне ескерту жасалды.

"Аталған көшеде жақында ғана түсіндіру жұмыстары кезінде нысан иелеріне заңға сәйкес келмейтін жарнамалар туралы айтылған болатын. Алайда олардың кейбіреулері бұл ақпаратты алмаған. Қалалық әкімдіктің тілдерді дамыту және мұрағат ісі жөніндегі жұмыс тобы нысан иелеріне заңсыз жарнама үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіп, оны алып тастауды талап етті", - деп хабарлады басқарма.

Сыртқы сәулет және қала құрылысы басқармасының рұқсатынсыз заңсыз орнатылған жарнамалар жиі кездеседі, олардың ішінде тілдік грамматикалық қателіктер жиі кездеседі. Жұмыс тобы оларға әкімшілік айыппұл салмайды, тек оны алып тастауды ұсынады. Нысан иелерінің арасында жұмыс тобына кедергі жасап, олардың бизнес құқықтары бұзылып жатыр деп мәлімдейтіндер де кездеседі.

Тіл тазалығын сақтауға бағытталған жоба елорданың барлық аудандарында жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс мұқият қадағаланып, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланып, қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың жіті бақылауында.

Айта кетейік, "Тіл тазалығы - баршаға ортақ" жобасы астаналықтар тарапынан белсенді қолдау табуда. Акцияға қосылғысы келетін еріктілерден көптеген ұсыныстар түсіп жатады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети