1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елордалық дәрігерлер баласымен аулада серуендейтін ата-аналарға сын айтты

Нұр-Сұлтан дәрігерлері аулада балаларымен серуендеп жүретін ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біз вирус жұқтырғандармен жұмыс істейміз және көмек көрсетеміз. Сауығып шыққан әрбір науқас үшін қуанамыз, біз үшін бұл ертеңгі күнге деген сенімділік пен ынта. Бірақ ата-аналардың тыйым салынғанына қарамастан үйден шығып, балалармен аулада бейқам серуендейтіні наразылық туғызады. Өз денсаулығыңызды уайымдамасаңыз да, неге балаңызды ойламайсыз? Арбамен, емшектегі баламен серуендейді. Кішкентайлардың иммунитеті қалыптаспаған әлі. Салғырт қарамау керек, әйтпесе, ауруханаға түсу қаупі бар", - дейді дәрігерлер.

Ақпарат бойынша, 2 сәуірде карантин режимін бұзғаны үшін 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 15 адамға айыппұл салынды, 26 іс сотқа жіберілді. ТЖ және карантин режимін енгізгелі бері барлығы 560 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 100-ден астамы қаладағы блокпост арқылы кіру/шығу тәртібін бұзған.

Еске салайық, карантин кезінде үйден шығуға тыйым салынады. Жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне/дәріханаларға, медициналық көмек алуға және қызметіне рұқсат етілген жұмысқа шығуға ғана шектеу жоқ. Бұл шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуын азайту үшін қабылданды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!