24 қазан 2017 12:53

Елордалық полиция жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысуға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gk170.ru © gk170.ru

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Астана қаласының ЖПҚ көлік жүргізушілеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.


Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Астана қаласының ЖПҚ көлік жүргізушілеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

"Жол жүру кезінде көлік апатының алдын алу мақсатында жүргізушілерге автокөліктің дөңгелегін жазғыдан қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес береді", - делінген Астана қаласының ЖПБ таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушілерге күн райының ерекшеліктерін ескеріп, жылдамдық режимін белгіленген көрсеткіштен асырмай, жол белгілеріндегі нұсқаулар мен көлік құралдарының тұрақтау ережелерін қатаң қадағалауға кеңес береді.

"Жаяу жүргіншілерге де жол жүру ережелерін сақтау керек. Ол үшін жолды тек рұқсат етілген жерден өтуі тиіс", - делінген хабарламада.

Астана қаласында температураның төмендеуіне байланысты көктайғақ болады деп күтілуде.

Бүгін Астанада күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. "Жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр соғады. Температура күндіз және түнде +3 +5 градусқа дейін төмендейді", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша 25 қазан күні Астанада күн райы бұлтты, қар жауып, бұрқасын соғады.  Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр соғады. Түнде температура -3 -5 градус, күндіз 0 -2 градус.

Бейсенбі күні - көшпелі бұлт, түнде аздаған қар жауады. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін соғады. Түнде ауа температурасы -3 -5 градус, күндіз - 0 -2 градус.

"Ауа температурасының төмендеп, суытуына байланысты көктайғақ болады деп күтілуде. Сондықтан, қалалықтар мен астана қонақтарына көшелерде абай болуын ескертеді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети