Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Еңбек еткісі келетіндер үшін қалада да, ауылда да барлық жағдай жасалған - Назарбаев

20 Сәуір 2015, 16:47
0
Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости
Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости

Елбасы Алматы облысына сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президенті елдің орнықты дамуы мемлекеттік саясаттың арқасында қамтамасыз етіліп отырғанын атап айтты.

"Еңбек еткісі келетіндер үшін қалада да, ауылда да барлық жағдай жасалған. Республиканың барлық облыс орталықтары түрлене түсті, аудан орталықтары жүйелі дамып келеді. Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаражат бөлуде. Бұл салада өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға, сәйкесінше, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев  "Қазақстан-2050" Стратегиясы мен негізгі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы мақсат елімізді әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу екенін атап өтті. Соңында Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына бақ-береке және табыс тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінде болды. Сондай-ақ Президент сыныптастарымен кездесу өткізіп, Алматы облысының Жамбыл ауданына барды. Назарбаев ол жерде Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр ескерткішіне гүл шоғын қойды, сондай-ақ Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаев кесенесіне барып, ескерткішін көрді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай