18 қараша 2020 13:46

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы жемқорлық және алаяқтық үшін сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда пара алды деп айыпталған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке және осы іске қатысы бар басқа фигуранттар бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таразда пара алды деп айыпталған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке және осы іске қатысы бар басқа фигуранттар бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз қаласының №2 сотының судьясы Нұрлан Дауылбаев Нұрымбетовке қатысты қаралып жатқан қылмыстық істі басқа қылмыстық іспен біріктіру туралы шешім қабылдады. Қылмыстық істе тергеу Қылмыстық Кодекстің "Алаяқтық" және "Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану" баптары бойынша жүргізілген болатын.

Айта кетейік, Тимуржан Нұрымбетовке қатысты іс сотқа 366-бап ("Адамдар тобының бірнеше рет пара алуы") және 128-бап ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру, жылыстату") бойынша берілген еді.

Нұрымбетовтен басқа, іс бойынша тағы бес адам сот алдына келген.

Тимуржан Нұрымбетов туралы не белгілі?

Еске салайық, мұның алдында Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарғаны хабарланған болатын. 

Жамбыл облысының прокуратурасы 2019 жылдың 26 желтоқсанында Антикоррупция қызметінің сотқа дейінгі тергеу бастағанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети