13 тамыз 2020 13:08

Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Нұрымбетовке қатысты іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 128-бабы бойынша жолданды.

Айта кетейік, Нұрымбетовтен басқа бұл іс бойынша сот алдына тағы 5 адам келді.

Осылайша Тимур Нұрымбетов 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін үй қамауында болады.

Осы іс бойынша басты сот отырысы 2020 жылдың 30 шілдеде өткен болатын. Кезекті сот отырысы 17 тамызға белгіленді.

Тимуржан Нұрымбетов туралы не белгілі?

Тимуржан Нұрымбетов 1966 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-технолог.

2013 жылы Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметінде болған. 2019 жылдың ақпанынан бастап Тимуржан Нұрымбетов Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети