Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін жариялады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 451,4 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 793 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 658,4 миллиард теңге қарастырылды.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 497 мың адам.

"2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 097 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 491 теңге, базалық зейнетақы – 47 606 теңге", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети