04 мамыр 2023 17:18

Еңбекшіқазақ ауданының 54 елдімекені 5 жылда газға қосылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбекшіқазақ ауданының 54 елдімекені 5 жылда газға қосылады. Бұл туралы бүгінгі өткен көшпелі баспасөз мәслихатында аудан әкімі Алтай Досымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбекшіқазақ ауданының 54 елдімекені 5 жылда газға қосылады. Бұл туралы бүгінгі өткен көшпелі баспасөз мәслихатында аудан әкімі Алтай Досымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді. Оның бірі - ауылдарды газдандыру. Қазіргі таңда аудандағы 64 елдімекеннің 14 пайызы ғана газға қосылған немесе 25 мың абоненттің 8,7 мыңы ғана көгілдір отынмен қамтылған.

"Ауқат Инвест" атты жеке инвестор компаниясы 5 ауылға газ тарту үшін жобалық-сметалық құжатын дайындап жатыр. Жоба құны аталған құжат әзір болғанда анықталады. Тағы 3 жобаға қаражат бөлінді. Сонымен қатар 54 елдімекенді толық қамту мақсатында осы компания инвестициялық жоба әзірлеп жатқанын айта кеткен жөн. Алдымен жоғарыда аталған 5 ауыл, кейіннен кезең-кезеңімен қалған ауылдар көгілдір отынға қосылады. Бұл жоспар 5 жылға жалғасады. Газға қосылу бағасы шамамен 350 мың теңге болмақ”, - деді әкім.

Сондай-ақ әкім көпқабатты үйлерді жылумен қамту үшін 16 блоктық-модульдық қазандықтар орналастыру жоспарланғанын айтты. Бүгінгі таңда 15-нің құрылысы аяқталды, біреуінің құжатына өзгерістер енгізіліп жатыр. Аталған жоспар мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети