12 сәуір 2024 | 17:06

Енді Қазақстанда әскери билет талап етілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери билеттің цифрлық форматқа ауыстырыланын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери билеттің цифрлық форматқа ауыстырыланын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оған қоса елде жұмысқа орналасу немесе оқу орнына түсу кезінде әскери билеттің түпнұсқасын өткізу туралы талап та жойылған.

"Енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметін egov.kz электрондық үкімет ресурсын пайдаланып, автоматты режимде ала алады.

Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтың әскери қызметіне қатынасы туралы деректерді тіркеуге міндетті. Сондықтан кадр қызметтері бұрын әскери есепке алу құжаттарын (әскери билеттер, тіркеу туралы куәлік, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама және т.б.) талап еткен", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Мемлекеттік органдар барлық жүйенің интеграциясын жүргізген, енді жұмыс беруші сауалына жауапты автоматты түрде ала алады.

"Былтырдан бері осы процестерді цифрландыру жөнінде жұмыс жүргіздік. Атап айтқанда, ақпараттық жүйені әзірлеп, оны іргелес мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен біріктірдік. Инновация кадрлық қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, азаматтарды анықтама алу үшін уақыт жұмсаудан босатады. Егер бұрын бұл процестер бірнеше аптаға созылса, бүгінде бұл бір күнде жасалады, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Жеке ұйымдар "Е-Еңбек" ақпараттық жүйесінде, мемлекеттік мекемелерде "Е-Қызмет" ресурсын пайдаланып, қызметкерлердің есебін жүргізеді.

Сонымен қатар, әскери билет Қарулы күштер қатарында, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткергендерге ғана беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети