Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Энергетика министрлігі Екібастұздағы жағдайға қатысты пікір білдірді 19 ақпан 2023, 13:51

Энергетика министрлігі Екібастұзды жылумен қамту жағдайы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Pavlodarnews.kz Фото: Pavlodarnews.kz

Энергетика министрлігі Екібастұзды жылумен қамту жағдайы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"2023 жылғы 18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосылуы басталды.

Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы 70 градус", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram