1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады04 тамыз 2020, 09:00

Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ерлер туралы ER-BATYR жобасын ұсынады. Эфирдің алғашқы қонағы - заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов.

Бүгін сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "Вконтакте" желісіндегі парақшасында спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен отбасының тұлға болып қалыптасудағы әсері, ер адамдардың достығы, бала тәрбиесі, дағдарыс жағдайы туралы, сондай-ақ болашақта ұлының қандай адам болғанын көргісі келетіні туралы әңгіме өрбітеді. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Жобаның барлық шығарылымын Tengri TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!