26 желтоқсан 2020 12:30

ER-BATYR жобасында Әлішер Елікбаев: әлеуметтік желідегі табыс, жеке брендтің қалыптасуы мен ар-ұятпен тартыс туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында өз атыңа жұмыс істеудің маңызы, оны мойындау қаншалықты маңызды екені және жақсы адам болып қала отырып табысты болудың жолы туралы айтады. 


ER-BATYR жобасында коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында өз атыңа жұмыс істеудің маңызы, оны мойындау қаншалықты маңызды екені және жақсы адам болып қала отырып табысты болудың жолы туралы айтады. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети