15 қыркүйек 2020 12:30

ER-BATYR жобасында Самат Смақов: Футболға сүйіспеншілігі, ақшаға көзқарасы мен бала тәрбиесі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал футболшы Самат Смақов. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгімесінде ол отандық футболға деген сүйіспеншілігі және онда нені өзгерту керек екенін, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керегі туралы әңгімелейді. Ол сондай-ақ спортқа көп уақыт бөлген жағдайда отбасылық қарым-қатынасты қалай сақтауға болатыны туралы, оның ақшаға деген көзқарасы және жарымен бірге төрт баласын қалай тәрбиелеп жатқаны туралы айтады.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан көріңіздер. Сондай-ақ, оны 16.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Самат Смақов - Қазақстандағы ең атақты футболшы, ол ел чемпионатының 6 дүркін чемпионы, 5 дүркін медалисі және елдің 4 дүркін үздік футболшысы, ұлттық құраманың рекордшысы - 76 ойын. Ойын карьерасында ол 722 матч өткізіп, 87 гол соққан.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары заңгер, блогер, марафон-жүзуші, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімханов, альпинизмнен еңбегі сіңген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы және СЕО Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов, танымал футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория, сондай-ақ актер Тәуекел Мүсілім болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети