29 қаңтар 2014 18:11

Ер Жәнібекке 300 жыл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баспасөз конференциясы ©Нұрғиса Елеубеков Баспасөз конференциясы ©Нұрғиса Елеубеков

Таяуда Ұлттық баспасөз клубында Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына арналған баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ер Жәнібектің туған жері Ор өзенінің бойы. 1714 жылы дүниеге келген балалық шағы Сыр мен Есілдің бойында, Арқада өткен даңқты батыр Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алтыбай, Еспенбет, Шөңке, Ақпантай, Өтеген, Райымбек, Баян секілді Абылайдың заманында жоңғарларға қарсы соғысқан тарихи тұлғалардың бірі. Ерен ерлігімен даңқы шыққан ол халқымыздың қас батырларымен тізе қосып, қазақ жерінің Алакөл, Зайсан, Іле-Шу өңірлерін жаудан қорғауға атсалысты. Ғұмырын халқының болашағына, тұтастығына арнаған батыр ел шекарасын қорғауда ерекше ерлік танытты. Батырлығымен қоса ақындық, шешендік қасиеттер бойына дарыған тұлға туралы халқымыздың фольклорлық мұраларында баяндалады. Ер Жәнібек туралы Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпей сияқты ақын-жыраулардың шығармаларында айтылады. Ер Жәнібек туралы зерттеп, ғылыми еңбектер, мақалалар жазып жүрген ғалымдар, зерттеушілер қазіргі біздің қоғамда осындай тұлғаларлдың дәріптелуі аса қажет екендігін алға тартады. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев осы жылы Қытайда, Моңғолияда, Берлинде Ер Жәнібекке арналған ғіылыми конференциялар ұйымдастырмақшы. Осы жиындарға әлемнің әр түкпіріндегі қазақтар жиылады деп күтілуде. Т.Мамашевтің айтуынша, Ер Жәнібектің 300 жылдығын тек ас беріп, ат шаптырып өткізу мақсат емес,ең бастысы, кейінгі ұрпаққа із қалдыру. Бұл ұлттық шара болғандықтар зиялы қауым, қалталы азаматтар, БАҚ өкілдер жұмылып атсалысып, патриоттық рухты көтеруге мұрындық болмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети