23 маусым 2022 11:44

Ералы Тоғжанов Қызылорда облысы әкімінің сағаты туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың журналистерден қашқан әрекеті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың журналистерден қашқан әрекеті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол түсініктеме берді емес пе. Менің ойымша, онымен сөйлесуге әлі көп мүмкіндік болады", - деп жауап берді Тоғжанов.

Вице-премьер облыс әкімдерінің қарапайымдылығына да тоқталды.

"Мұндай міндет бүкіл әкімге онсыз да қойылды. Өздерінің міндеті аясында барлық әкім осыны ұстанады деп ойлаймын", - деп қосты Тоғжанов.

Оның айтуынша, әкімнің мінез-құлқы үшін сөгіс жариялау мәселесі Президент Әкімшілігіне тиесілі.

Еске салайық, бұған дейін Желіде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Мәжіліс ғимаратынан асығыс шығып кеткені түсірілген видео тараған еді. Журналистер оған бірнеше сұрақ қоймақ болғанымен, әкім тоқтамаған. Кейінірек әкім журналистерге сағатының бағасы жайлы түсініктеме берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети