Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істі алқа билері қарайды

22 Тамыз 2016, 17:36
0
Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істі алқа билері қарайды -

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істі алқа билері қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада 23 жастағы студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты алдын ала сот отырысы өтті.

Айта кетейік, басты сот отырысы 2 қыркүйекке белгіленді.

Сот отырысы барысында күдіктілердің бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Ерлан Ғазымжанов бұл істі алқа билер соты қарастыруын сұрайтынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, мұны күдікті мен оның ата-анасы талап етіп отыр. Осыған дейін Нұрбек Әжімбай баласының кінәсіз екенін айтқан болатын. "Менің ұлым керек емес уақытта керек емес жерде болып қалды", - деген еді Нұрбек Әжімбайдың әкесі.

Сот отырысы судья Асхат Әшірбековтың төрағалығымен өтті, іске екі процессуалдық прокурор қатысты - Арсен Бегалин мен Наталья Жүнісова. Алайда қаза болған Ерасыл Әубәкіровтің анасы алдын ала сот отырысына кіре алмады. "Олар өздері бәрін шеше салды (жабық тәртіптегі сот отырысы жайлы - Авт.). Менің балам кінәлі емес. (...) Енді мен ешкімге сенбеймін", - деп мәлімдеді қаза болған студенттің анасы Кенжегүл Әубәкірова. 

Еске салайық, биыл 10 ақпанда Астанада медициналық университеттің жоғалып кеткен студенті Ерасыл Әубәкіровтің денесі табылған еді. Мәйітте зорлық белгілері болды. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай