08 ақпан 2020 21:49

Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты - Бауыржан Байбек Қордайдағы жағдай туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек. Фото: Тұрар Қазанғапов Бауыржан Байбек. Фото: Тұрар Қазанғапов

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қордайдағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қордайдағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қадірлі ағайын!

Мемлекетіміздің басты байлығы - елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады.

Шағын кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын кешегі Қордай оқиғасы көрсетіп отыр. Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын. Біз осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабыр танытқанымыз жөн.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, премьер-министрдің орынбасары төрағалық ететін Үкімет комиссиясын құрды.

Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі халқымызға керек. Заңға бағыну - барлық қазақстандықтардың міндеті. Құзырлы органдарға күш көрсетуге ешкімге жол берілмейді.

Ұлтаралық қарым-қатынас - өте нәзік дүние. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай. Егер елде татулық болмаса, ең алдымен зардап шегетін халық. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс.

Баршамыз, ең алдымен, партияластар, осыған ұмтылуымыз керек", - деп жазды ол.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын растады. Кейін WhatsApp, Facebook желісінде "Қордайдағы видеолар" деген атаумен түрлі видео тарады. 

Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Сондай-ақ осы күні Масанчи ауылының маңындағы Сарытөбе ауылында тұрғындар мен полиция арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы да жарияланды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайдайға қатысты пікір білдіріп, тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Масанчи және Сортөбе ауылдары Қырғызстанмен шекара маңында орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети