1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ержан Қазыханов арнайы өкіл лауазымына тағайындалды 05 сәуір 2021, 14:21

Ержан Қазыханов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Ержан Қазыханов Ержан Қазыханов

Ержан Қазыханов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Ержан Ашықбаев тағайындалған болатын.

Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. 

Арнаулы өкілді Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Арнайы өкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!