09 тамыз 2016 15:24

Еркеш Шәкеев БАҚ пен қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еркеш Шәкеев марқұм баласы Сафармен. © vk.com Еркеш Шәкеев марқұм баласы Сафармен. © vk.com

Белгілі композитор Еркеш Шәкеев БАҚ-тар мен қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өз үндеуінде ол қаза болған баласы Сафар Шәкеевке қатысты барлық жантүршігерлік видеолар, репортаждар және сирек жазылып жүрген жағымсыз пікірлерді өшіруді сұрайды.


Белгілі композитор Еркеш Шәкеев БАҚ-тар мен қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өз үндеуінде ол қаза болған баласы Сафар Шәкеевке қатысты барлық жантүршігерлік видеолар, репортаждар және сирек жазылып жүрген жағымсыз пікірлерді өшіруді сұрайды.

Жалғасы

"Мен, Еркеш Шәкеев, сіздердің отандастарыңыз, өзінің сүйікті ұлы Сафарды жоғалтқан адам ретінде отбасымды қайғылы оқиғадан психологиялық зақым келтіретін салдарынан қорғау мақсатында БАҚ-тар мен кейбір азаматтарға әлеуметтік желілердің барлық түрінен оған қатысты жантүршігерлік видеолар, репортаждар және сирек жазылып жүрген жағымсыз пікірлерді өшіру туралы өтініш айтамын. Сіздерден адамдық қасиеттеріңізді көрсетіп, өтінішіме құлақ асуды сұраймын! 

Мен әлі де болса адамдарды жақсы көремін, жария етпей-ақ, өмір бойында осылай, шынайы көңіліммен жақсы көремін, осы өмірге жүректерді қуантып, осы бір қым-қуыт тіршіліктерін жеңілдету үшін келдім. Барлығыңызды осы өтінішіме құлақ асуға шақырамын! Баламды іздестіру жұмыстарына қатысқан және маған және менің отбасыма жылы сөз айтып, шын көңілімен уайым кешіп жүргендерге алғысымды айтамын", - дейді Шәкеев. 

Сонымен қатар, ол ұлының қайтыс болу себебіне қатысты мәлімдеме жасады. "Түрлі қауесеттердің алдын алу үшін ресми түрде мәлімдеймін, менің ұлым Сафар Шәкеев қайғылы оқиғадан қаза тапты, себебі ол жергілікті жағдайлардың қаупін білмей, Есентай өзенінің ең қауіпті жерінде болған. Қоғамды отбасымның тағдыры жайлы қағып отырған дабылыма құлақ түрмеген азаматтарға және БАҚ-тарға қатысты мейірімділікке шақыруға арналған белсенді ағайындық әрі азаматтық әрекет жасауға шақырамын. Бақытты болыңыздар. Мұндай жағдай ешкімнің басына бермесін. Балама берген жылуларыңыз өз балаларыңызды сақтасын! Жаратқан отбасыларыңызды сақтасын!", - делінген үндеуде. 

Еске салайық, 28 шілде сағат 11.00 шамасында Сафар Шәкеевтің мәйіті Есентай өзенінен табылғаны хабарланған болатын. Мәйіттің кім екендігі бірден анықталған, себебі судан шығарған уақытта осыдан 14 күн бұрын жоғалған Сафар Шәкеевке тиесілі құжаттар, әмиян және кілттер табылды. Өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети