“Есірткі ұсынып, бірге баруды сұраған“. Алматылық әйел 15 жастағы қызының оқиғасын бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Есірткі ұсынып, бірге баруды сұраған“. Алматылық әйел 15 жастағы қызының оқиғасын бөлісті Фото: threads.com/@yelena.sokolova.coach

Алматыда Сайран жағалауында 15 жастағы қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр. Бейтаныс адамның күмәнді әрекеті мен жасөспірімді көлікке алдап отырғызбақ болғаны туралы зардап шегушінің анасы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда Сайран жағалауында 15 жастағы қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр. Бейтаныс адамның күмәнді әрекеті мен жасөспірімді көлікке алдап отырғызбақ болғаны туралы зардап шегушінің анасы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Threads әлеуметтік желісінде жазба жарияланды. Алматылық әйел 15 жастағы қызымен танысуға тырысқан ер адам туралы айтқан. Әйелдің сөзінше, оқиға 7 мамырда таңертең Сайран көлі жағалауында болған.

"Ол оны өзімен бірге кетуге көндірмек болып, есірткі ұсынған, әдемі сөздер айтқан. Қызым айласын асырып, кетіп қалған, бірақ оның орнында кез келген басқа қыз болуы мүмкін еді", – деп жазды әйел.

Жазба авторы ер адам қыз отырған орындықтың маңында ұзақ уақыт айналсоқтап жүргенін, кейін қасына келіп отырғанын нақтылады. Қызы бейтаныс адамның сөздерін дауыстық хабарламаға жазып үлгерген.

Полиция не дейді?

Алматы Полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Алайда ол әлі де бостандықта жүр – қазір полицейлер оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр.

"Алмалы аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Ер адамның жеке басы анықталды. Оны ұстауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Оның іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы ПД азаматтарды бей-жай қарамауға және осындай деректер туралы дереу "102" пультіне хабарлауға шақырды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.34   544.52   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер