18 қазан 2021 18:11

Ет қымбаттауы мүмкін - Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет:elements.envato.com Сурет:elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазақстандықтарға ет қымбаттауы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазақстандықтарға ет қымбаттауы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде журналист министрден ет қымбаттауына байланысты азаматтардың алаңдауына жауап беруді сұрады.

"Ет бағасы туралы айтсақ, жылдың қиын болғанын өзіңіз білесіз. Жем қымбаттады. Осыған байланысты ет қымбаттауы мүмкін. Себебі фермерлер мен ет өндірушілер шығындарын жабу керек. Сондықтан ет бағасы өсуі мүмкін, бірақ өсім жоғары болады деп ойламаймыз", - деп түсіндірді Қарашөкеев.

Сонымен қатар, ол ет тапшылығы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, өндірушілер ішкі нарықты сиыр етімен - 97 пайызға, қой етімен - 100 пайызға және жылқы етімен - 97,5 пайызға толық қамтамасыз ете алады.

Жазда бірнеше өңірде құрғақшылықтың салдарынан мал жаппай қырылды. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері, атап айтқанда, Маңғыстау және Қызылорда облыстары ең көп зардап шекті. БАҚ мал азығы қымбаттағанын атап өтті.

Ауыл шаруашылығындағы жағдайға байланысты сарапшылар жазда мал басының жаппай азаюына байланысты мал шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауы туралы мәлімдеді.

"Бағаның өсуі бүкіл халықтың қалтасына ауыр тиеді, ал жағдайды түзетуге кеш болады", - дейді мамандар.

Алайда АШМ мамандары ескертулерді жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети