08 желтоқсан 2021 13:28

"Еуропаға ақшаңыз болса, төлеңіз" - Цой Pfizer ақылы вакцинациясы туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы неге барлығына тегін жасалмайды деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы неге барлығына тегін жасалмайды деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алексей Цой Қазақстанда елге әкелінетін барлық вакциналардың қауіпсіз әрі тиімді екенін қадағалайтын реттеуші бар екенін атап өтті.

"Мұнда жеке азаматтың құқығы бар. Бұл тұмауға қарсы вакцинаға да қатысты. Біз нарықта қол жетімді вакцинаны сатып аламыз да барлық азаматтарға тегін ұсынамыз. Кім оны бөлек қалайды", - деп жауап берді министр.

Министр неліктен Pfizer вакцинасы қазақстандықтар үшін ақылы деген сұраққа жауап бере отырып, азаматтар шетелге шығу үшін америкалық препаратпен екпе алуды қалайтынын баса айтты.

"Басты дәлел, адамдар бір жаққа барғысы келеді. Еуропаға баруға ақша болса, төлеңіз. Білесіз бе, бұл жағдайға байланысты. Еуропаға кетуге мүмкіндігі бар адамда, вакцинаға төлеуге де мүмкіндік бар шығар", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети