22 мамыр 2021 17:29

Фархат Әбдірайымовпен қоштасу рәсімі қалай өтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/fara_actor Фото: instagram.com/fara_actor

Қазақстандықтар актер Фархат Әбдірайымовке "Қазақфильм" киностудиясының кіреберісінде гүл шоқтарын қоя алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар актер Фархат Әбдірайымовке "Қазақфильм" киностудиясының кіреберісінде гүл шоқтарын қоя алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фархат Әбдірайымовты жерлеу рәсімі шағын отбасы аясында өтеді.

"Бүгін таңертең Фархат Әбдірайымовтың мәйіті Грузиядан Алматыға жеткізілді. Туыстарының айтуынша, актермен қоштасу рәсімі ертең, 23 мамырда Алматыда өтеді", - делінген "Қазақфильм" киностудиясының хабарламасында. 

Пандемия кезіндегі шектеулерге байланысты жерлеу рәсімі жабық өтеді: актермен туыстары және жақын достары ғана қоштаса алады.

Актердің отбасы оның жанкүйерлері мен БАҚ өкілдерінен осы шешімге түсіністікпен қарауды сұрады.

Фархад Әбдірайымовтың құрметіне Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кіреберісінде арнайы жабдықталған орынға гүл шоқтарын қоюға болады.

Бұған дейін Фархат Әбдірайымов неден қайтыс болғаны анықталған еді. "Қазақфильм" киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған. 

Танымал актер 55 жасында Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети