20 мамыр 2022 14:39

Фобия барын түсінемін, бірақ айтарлықтай қауіп жоқ - Ақшолақов Қазақстанда АЭС салу туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС құрылысына қатысты қазақстандықтардың фобиясын түсінетінін айтты. Алайда ол станция салуда айтарлықтай қауіп жоғына сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС құрылысына қатысты қазақстандықтардың фобиясын түсінетінін айтты. Алайда ол станция салуда айтарлықтай қауіп жоғына сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге станция керек, енді көмірді бұрынғыдай көлемде пайдалануға болмайды. Өкінішке қарай, бүгінде көмір станцияларын ешкім қаржыландырмайды. Газға байланысты жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Ол күннен-күнге азайып жатыр. Жаңа кен орындарын ашпасақ, жаңа кен орындарын игеруге ақша жұмсамасақ, бұл жеткіліксіз болады", - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, атом станциясы елдегі барлық энергетикалық проблеманы шешетін түйін емес, бірақ ол - тұрақты әрі сыналған энергия көзі.

"Иә, оның кейбір қарсы тұстары бар, түрлі фобиялар бар. Қазақстанда бұл мәселені жақсы түсінуге болады. Бұл Кеңес өкіметі кезінде болған полигонға байланысты (Семей ядролық сынақ полигоны - Еск.). Бұл жайдан-жай емес шығар, бірақ азаматтық энергетика тұрғысынан мұндай үлкен қауіп жоқ.

Қауіп әрқашан әрі кез келген жағдайда болады. Су ішсеңіз де, бірнәрсе болып қалуы мүмкін деген қауіп болады. Қауіпті игеріп, дұрыс ойластыру керек. Қазір осы мәселемен айналысамыз. Бірақ тағы да айтамын, атом станциясы - болашақтағы тапшылық проблемасын шешудің жақсы нұсқасы", - деп нақтылады Ақшолақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети