23 маусым 2020 19:32

Ғабидолла Оспанқұлов вице-министр лауазымынан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабидолла Оспанқұлов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғабидолла Оспанқұлов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғабидолла Оспанқұлов 1981 жылы дүниеге келді. Қазақ гуманитарлық заң университетін және Қазақстан-Ресей университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің түлегі. 2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

Әр жылдары Ғабидолла Оспанқұлов ҚР Парламентінде, Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеген және Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болған.

2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрағасы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2017 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың тамызына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдың тамыз айынан бастап қазірге дейін Nur Otan партиясының Хатшысы қызметін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети