Ғалымдар қасиетті Ұлытау жерін зерттеуге аттанады

07 Тамыз 2014, 13:49
0
Ғалымдар қасиетті Ұлытау жерін зерттеуге аттанады - Ұлытау. ©Сәулет Сәкенов, ҚҰГҚ
Ұлытау. ©Сәулет Сәкенов, ҚҰГҚ
Ғалымдар қасиетті Ұлытау жерін зерттеуге аттанады - ©Сәулет Сәкенов, ҚҰГҚ
©Сәулет Сәкенов, ҚҰГҚ
Ғалымдар қасиетті Ұлытау жерін зерттеуге аттанады - ©Сәулет Сәкенов, ҚҰГҚ
©Сәулет Сәкенов, ҚҰГҚ

11-22 тамыз аралығында Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының Қарағанды облысындағы Ұлытау өлкесіне кешенді экспедициясы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 8 тамыз күні Астанада экспедицияға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

"Ұлытау ауылы - Қарағанды облысындағы аудан орталығы, ол Ұлытау тауының етегінде орналасқан. Бұл таулар - қазақ этносының бесігі, осы жерлерде хандар сайланып, осы жерде одақтар құрылған, осында жаудан жасырынған. Мұнда хандар орда тігіп, үлкен жорықтарды осы жерден бастаған, Ұлытау Алаша хан, Жошы, Домбауыл, Едіге, Тоқтамыс хандардың мәңгілік мекеніне айналды. Ұлытау жері ежелгі көшпенділерге қару-жарақ пен құрал-сайманға қажетті металдарды берді, мыңғырған малға жайлау болды. Бұл жерде жүздеген буын ұрпақтың жұмбағы жатыр, мұндағы қорғандар ғұн дәуірінен қалған", - делінген баспасөз парағында.

Экспедицияның мақсаты - Ұлытаудың мәдени-тарихи, рухани мұрасын жаңғырту, танымал ету, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасау. Саяхатқа тарихшы-археологтер, географтар, биологтер, туризм мамандары мен журналистер қатысады. Сонымен бірге, пилотсыз аппарат операторлары да экспедицияға қатысады. Олар өңірді карталандыру, биіктен түсіру, жаңа археологиялық нысандарды іздеу, археологиялық нысан келбеттерін модельдеу жөніндегі жұмыстарды атқарады.

Экспедицияның нәтижесінде деректі фильм түсіріледі. Өңірдің тарихы мен тарихи-мәдени ескерткіштері сипатталатын кітап-аьбом да шығарылады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай