28 мамыр 2022 12:21

Ғалымдар шетел мұрағаттарынан тарихымызға қатысты сирек құжаттарды іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Хабар 24 Фото: Хабар 24

Қазақстандық ғалымдар шетел мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты сирек құжаттарды, яғни тарихи кітаптар, көне қолжазбалар мен ортағасырлық карталарды іздей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Қазақстандық ғалымдар шетел мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты сирек құжаттарды, яғни тарихи кітаптар, көне қолжазбалар мен ортағасырлық карталарды іздей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Мұрағат-2025" бағдарламасы аясында Мәскеуге аттанған ғылыми экспедиция нәтижесінде қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері құнды тарихи құжаттар тізімін жасады. Көп ұзамай олар ғылыми айналымға енгізіліп, қазақстандық ғалымдар үшін қолжетімді болады.

Қазақстанның бес мұрағат ұйымының тарихшылары ғылыми ізденісті Ресейдің ең ірі мемлекеттік кітапханасынан бастады. Мәскеудегі 16 күндік ғылыми-зерттеу жұмыстары Ресейдің одан басқа жеті қорында, соның ішінде әскери тарихи мұрағат пен сыртқы саясат мұрағатында жүргізілді.

"Мұнда кітаптар, журналдар, газеттер сақтаулы, барлығын санағанда әлемнің 268 тілінде шығарылған әдебиет. Олардың арасында қазақ тіліндегі әдебиеттің де өз орны бар. Оған келетін болсақ, қазір бізде яғни Ресей мемлекеттік кітапханасында 51 000 басылым бар", - дейді РМБ Шығыс әдебиеті орталығының жетекшісі Марина Меланина.  

Экспедиция нәтижесінде шағатай, араб, парсы тілдеріндегі кітаптар, сонымен бірге қазақ тарихына қатысы бар басқа да көне дерекөздер тізімі жасалды. Оның ішінде  Еуропа тарихшылары жасаған карталар, қазақ хандарының хаттары, қазақстандық авторлар шығармаларының сирек кездесетін аудармалары да бар. Жалпы алғанда Ресейдің сегіз мекемесіндегі каталогтармен жұмыс барысында Қазақстан тарихына қатысты сирек әрі маңызы зор алты мыңға жуық дереккөз табылды.

"16-17 ғасыр карталарын таптық, ондай карталар біздің қорларда жоқ. Француз, неміс жане ресей авторларының карталары. Жиырмаға жуық жақсы кітаптарды таптық. Олар бізде мүлдем жоқ, көне тарихи кітаптар. Оның ішінде Махмуд Чурас деген автордың кітабы бар, Қашғария мен Шығыс Түркістан бойынша жазылған", - дейді қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.

Бұл кітаптар ғылыми айналымға енгізіліп, олардың көшірмелері Ұлттық мұрағат қорына өткізілетін болады. Қазақстандық ғалымдардың ендігі жоспары басқа да елдердің мұрағаттарынан қазақ тарихына қатысты құнды мәліметтерді іздеуді жалғастыру. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети