Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Германия елшісі Герольд Бельгердің Қазақстандағы неміс ұлтына сіңірген еңбегін жоғары бағалады

09 Ақпан 2015, 12:45
0
Жазушы Герольд Бельгер. ©Tengrinews.kz
Жазушы Герольд Бельгер. ©Tengrinews.kz

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісі Гидо Херц Герольд Бельгердің қазасына байланысты жазушы отбасының қайғысына ортақтасып хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елші өз хатында жазушының Қазақстандағы неміс азшылығына сіңірген еңбегіне құрмет көрсетті.

"Біз Қазақстандағы неміс диаспорасына үлкен үлес қосқан аса көрнекті тұлғаның қазасына қайғырамыз. Герольд Бельгер неміс ұлтының Қазақстанда жақсы абыройын сақтап қалуына маңызды қолдау көрсетті және қазақ ұлты мен азғана неміс ұлтының жақсы қарым-қатынаста болуына ықпал етті", - делінген хатта. 

Херц жазушы Герольд Бельгер өзінің шығармашылығы мен қайраткерлігінің арқасында мәңгілік есте қалатынын айтты. Сонымен қатар, ол Бельгердің неміс диаспорасы мен оның Қазақстандағы тарихына үн қосып, неміс-қазақ қарым-қатынасы саласында құрметке лайықты болғанын атап өтті. 

Еске сала кетейік, Қазақстанның белгілі жазушысы Герольд Бельгер 80 жасында жүрек ауруынан 7 ақпан күні қайтыс болды. Жазушы 21 қаңтар күні инфаркттен соң аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Бельгердің жағдайы ауыр деп бағаланды. Оған өкпені жасанды жолмен желдететін аппарат қолданылды. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулығының нашарлығына қарамастан, жазушы көп жұмыс істеген. 


 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай