Германияда қазақстандық Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда қазақстандық Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінді Фото:depositphotos.com

Германияда Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ГФР Федералдық прокуратурасына сілтеме жасап.


Германияда Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ГФР Федералдық прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Сергей К.-ны ұстау шарасы 28 сәуірде Берлинде Германия Федералды сотының тергеу судьясы берген ордер негізінде жүзеге асырылған. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстары жүргізілген.

Ер адам шетелдік барлау қызметінің мүддесі үшін әрекет етті деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметтері бойынша, қазақстандық кем дегенде 2025 жылдың мамырынан бері Ресей барлау қызметінің өкілдерімен байланыста болып, оларға түрлі ақпарат беріп отырған. Атап айтқанда, сөз Германияның Украинаға көрсететін әскери көмегі туралы деректер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары, соның ішінде дрондар мен робототехника әзірлейтін компаниялар туралы болып отыр.

Бұдан бөлек, ол Берлиндегі қоғамдық нысандар мен Германия аумағындағы әскери колонналардың, соның ішінде НАТО елдері колонналарының суреттерін жіберіп отырған. Сондай-ақ, тергеу нұсқасы бойынша, ол диверсия жасалуы мүмкін нысандарды талқылап, тыңшылық пен саботаж әрекеттері үшін басқа тұлғаларды тартуды ұсынған.

29 сәуірде күдікті қазақстандықты тергеу судьясына жеткізу жоспарланған, ол бұлтартпау шарасын анықтайды.

Tengrinews.kz редакциясы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер