i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина назар жетіспеушілік синдромы және гипербелсенділік диагнозы, дислексия мен дисграфиясы бар балалардың ата-анасы өзін қалай ұстауы керегін айтты. Сарапшы бала дамуында пайда болуы мүмкін факторлар мен жағдайды ушықтырып алмау үшін не істеу керегін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина назар жетіспеушілік синдромы және гипербелсенділік диагнозы, дислексия мен дисграфиясы бар балалардың ата-анасы өзін қалай ұстауы керегін айтты. Сарапшы бала дамуында пайда болуы мүмкін факторлар мен жағдайды ушықтырып алмау үшін не істеу керегін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.
Назгина Мирза ми құрылымы өзіне тән ереже бойынша дамитынын, ол ережелер эволюциямен байланысты екенін айтады. Баланың ми құрылысының дамуы төменнен жоғарыға, оңнан солға дамиды. Яғни, дің құрылымы дамығаннан кейін оң жақ жартышар іске қосылады.
"Мысалы оң жақ жартышар туралы айтқанда, балада ең алдымен бейсөйлеу шулар естіледі. Бала өмірді қарап үйрене бастаған кезде ол нағыз суреттерді көреді. Яғни, символды, мультфильмдер емес, кәдімгі суреттер. Сондықтан екі жасқа дейінгі балаларға жануарлардың суретін, туыстарының суретін жиі көрсету ұсынылады.
Ал біз не істейміз? Бала бір жасқа келгенде бірден мультфильм қосып береміз, бала теледидарда не болып жатқанын түсінбейді. Кейбір ата-аналар "ол мультфильмді сондай қызығушылықпен көріп отыр" деп айтысады. Шын мәнінде бала жылдам динамикаға үйреніп алады", - дейді маман.
Сөйтіп оң жартышардағы ақпарат сол жартышарға беріледі. Яғни, екі жасқа қарай баланың сөйлеу қабілеті дами бастайды.
"Бала "шшшш" деген дыбысты айтуы үшін ол желдің гуілін, ал "чик-чирик" деп айтуы үшін ормандағы торғайлардың даусын естуі керек. Ата-ана балаға бірінші әріптер мен сандарды айттыру тырысқанда бірінші сол жақ жартышар іске қосылады, онтогенез бойынша ол кештеу қосылуы керек", - дейді маман.
Бала үш жасына дейін өмірді сезу және қозғалыс арқылы таниды.
"Балалар психологиясын, олардың дамуын зерттеген швейцариялық психолог Пиаже 0-3 жас аралығы синсематорлы түрде дамуға жататынын айтады. Егер бала шын мәнінде қозғалмаса, қимылдамаса, көз алдыңызда дамымаса, ойлау арқылы дамымаса, үш жастан кейін кеш болады. Бала тыңдамай өседі, жан-жағын ұрғылап, үнемі шалынысатын болады", - дейді сарапшы.
Баланың дамуында кедергі болатын тағы бір фактор - жүктілік кезеңнің ауыр өтуі.
"Бірінші триместр өте қолайлы бірақ қауіпті кезең, сақтанып жүру керек, ал үшінші триместрде ештеңені алаңдамай өтіп кетуге болады деген көптеген аңыз бар. Шын мәнінде, үшінші триместр - баланың дамуына едәуір әсер ететін кезең: стресс, созылмалы, агрессив, қиын кезең басталады. Бұл балаға кері әсер етеді", - деп түсіндірді спикер.
Назгина Мирза "Әр бала әртүрлі" деген қате пікір екенін айтады.
"Мен оны Семеновичтің сөзімен түсіндірсем: "Бәрі өз уақытында шешіледі". Осы ережені әр ана жадында ұстаса. Егер бір нәрсе дұрыс емес екенін сезсеңіз, баланы алып, маманға жүгініңіз. Неғұрлым ертерек барсаңыз, соғұрлым тезірек жағдайдың алдын аласыз", - дейді ол.
Қазақстанда әрбір үшінші баланың медициналық кітапшасында назар жетіспеушілік синдромы және гипербелсенділік диагноз (СДВГ) деп жазылған. Назгина Мирзаның сөзінше, өкінішке қарай, көптеген дәрігер бұл қандай ауру екенін түсіндірмейтінін айтады. Олар максимум седативті препараттар, жүйке жүйесін, миды тыныштандыратын дәрілер жазып береді.
"Маған әжелер өте жиі келеді, ол бөлек әңгіме. Бірақ олар маған келіп: "Менің немерем өте белсенді, энергиясы тасып тұр, үйдің астаң-кестеңін шығарады. Оны үш түрлі секцияға жаздырдық. Екі тілді меңгереді" деп айтады. Мен: "Оны не үшін істеп жатырсыздар?" деп сұрасам, "Себебі оның энергиясы тасып тұр" дейді. Шын мәнінде, бұл - қате түсінік. Негізі СДВГ - мидың шаршағанын, оның энергиясы жоғын білдіреді. Бала әлі күндізгі уақыт екенін, ұйықтауға ерте екенін түсінеді, бірақ ол шаршап қалған. Оның әлі жоқ. Сөйтіп оның миы тежелу керегіне белгі береді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге жүгіріп, заттардың орнын ауыстыру керегін түсінеді", - дейді маман.
Ондай балалар ауырсынуды түсінеді. Оған ешкім назар аударып жатқан жоқ, назарды ұстап қалу үшін ресурс жоқ.
"Бала қайғыра бастайды да, біраз уақыттан кейін ашуланып, жылай бастайды. Сол кезде анасы: "Сен тым ерке болып кеттің. Мені мүлде тыңдамайсың. Әжең сені таэквондо, каратэ не футболға беру керек деп айтады" дейді. Сөйтіп бала мектептен келгеннен кейін қосымша сабақтарға, сосын ағылшынғ қытай тілін үйренуге кетеді. Мұның бәрінен баланың миы әлсірей бастайды. Бұл - жабық шеңбер", - дейді спикер.
Сарапшы мұндай жағдайда белгілі бір күн тәртібін қалыптастыру керегін айтады. Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, аталған диагноз бойынша көрсеткіш әр елде 1-3 пайыз, кей елде 28 пайыз. Статистика СДВГ бойынша көсбасшы елдердің қатарында - АҚШ, Ресей, Қытай және Италия екен.
Назгина Мирзаның сөзінше, бұл диагноздың кеңінен тарауына тұқым қуалаушылық әсер етуі мүмкін. Бұл факторлар балада дислексия мен дисграфияның пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.
"Дислексия мен дисграфия - ми ресурстарының минимал түрде болуы. Яғни, егер баланың туылуы қиын болса, мысалы әкесіне дисграфия мен дислексия болса, бала қиналатын болады. Бұл не деген сөз? Егер дисграфия туралы айтсақ, жазуда мәселе болады, ал дислексия туралы сөз қозғасақ оқуда мәселе шығады. Одан бөлек, дискрикулия бар, яғни, бала қандай да бір затты жұла алмайды, себебі бұл оның қолынан келмейді", - деп түсіндірді ол.
Әдетте баланың дамуындағы бұл кемшілік бірінші сыныпқа барғанда байқалуы мүмкін. Ал мамандар оны ерте жастан анықтай алады.
"Бала 4-5 жасқа келгенде ол дисграфияға душар болуы мүмкін, ол тұқым арқылы тарауы мүмкін. Бала іс-әрекетін бақылай алмауы мүмкін. Үнемі соқтығысып, сүрініп жүретін балалар бар. Біз оларды ебедейсіз бала деп атаймыз. Осындай балаларды маманға көрсетіп, кеңес алу керек", - дейді сарапшы.
Көптеген адам дислексия мен дисграфияның барынан бейхабар болуы мүмкін.
"Мұғалімдер бала ойнақтап отыр деп санайды. Бала бәрін дұрыс жасамағанын түсіне отырып, ал айналасындағы балалар оны мазақ қылса, біреуі клоунадқа өтеді және мектептегі дизадаптация осы форматта жүреді. Бала тұйық болып қалады, оның өзін-өзі бағалауы төмендеп және тиісінше біз оны естімейміз, көрмейміз. Айта кету керек, бұл балалар интеллектуалды түрде сақталған және көбіне интеллекті жоғары болады", - дейді Назгина Мирза.
Сондай-ақ клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Оның сөзінше, баланы интернетті қолдануға 7 жасынан бастап үйретуге болады.
"Меніңше, бұл бас миының қандай да бір бөлшектерінің дамуына байланысты. Біздің маңдайымыз бақылауға жауап береді. Мен үнемі маңдай біздің адамдығымызды, жануарлардан ерекшелігімізді көрсететінін айтамын. Белгілі бір кезеңде жас дағдарысы болады: әдетте ол 3-7 жас аралығы. Сол себепті осы кезеңде балаларды мектепке береді. Сондықтан баланы интернетті қолдануға 7 жасынан бастап үйретуге болады", - дейді маман.
Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!