11 сәуір 2016 11:10

Граната жарылысынан аман қалған сарбаздың туыстары Елбасыға хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өз өмірін бәйгеге тігіп, Ұлттық ұлан сарбазының жанын сақтап қалған полковник Қайрат Үмбетовке деген ризашылығын білдіруге және батырды марапатқа ұсыну үшін сарбаздың ата-анасы мен бауырлары Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының жетекші құрамына Қазақстан Республикасының Президентіне хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Айдос Байшағыровқа сілтеме жасап.


Өз өмірін бәйгеге тігіп, Ұлттық ұлан сарбазының жанын сақтап қалған полковник Қайрат Үмбетовке деген ризашылығын білдіруге және батырды марапатқа ұсыну үшін сарбаздың ата-анасы мен бауырлары Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының жетекші құрамына Қазақстан Республикасының Президентіне хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Айдос Байшағыровқа сілтеме жасап.

Хаттың мәтінін толықтай береміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Осы жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының офицері полковник Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, Ұлттық ұлан сарбазы, біздің ұлымыз қатардағы Абзал Сұлтанқұловты өз денесімен граната жарылысынан, яғни өлімнен арашалап қалды.

Құрметті Елбасы, Сіз Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне Қазақстан халқының тыныштығын сақтауды сеніп тапсырдыңыз, олар өз кезегінде өздерінің әскери міндеттерін толыққанды абыроймен атқаруда және егеменді еліміздің бейбіт өмірін күзету жолында адал қызмет етіп жүр.

Біздің ұлымыздың өмірін сақтап қалған полковник Қайрат Үмбетовке және Ұлттық ұланның барша офицерлеріне тағы да зор алғыс айтқым келеді. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына береке тілеймін. Олардың еңбектері шынайы бағаланса деймін!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздерге шексіз алғысымды білдіре отыра, жігерлі қайсарлығы мен батыл іс-әрекеті үшін Сізден полковник Қайрат Үмбетовті мемлекеттік наградамен марапаттауыңызды сұраймын!

Оның істеген ерлігі ескерусіз қалмай бағаланса екен деймін!

Құрметпен,
қатардағы Сұлтанқұлов Абзалдың ата-анасы мен бауырлары:
әжесі: Жайшиева Хадиша
Әкесі: Жайшиев Райымжан
Анасы: Жайшиева Кәмила
Тұрғылықты мекенжайы: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы.


© "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс бөлімі

Еске салайық, оқиға 7 сәуірде сағат 11.00 шамасында Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының оқу орталығында болған. Кейін Жарылыс кезінде сарбазды өз денесімен жапқан Қайрат Үмбетов нағыз офицердің әрекеті екенін айтқан еді. "Бұл қарапайым күн болды. Мен кез келген офицер баруы тиіс болған әрекет жасадым. Өзімді батырмын деп есептемеймін. 21 жылдан бері қызмет етіп келемін, қазіргі қызметіме 1 жыл бұрын келдім. Бүгінгі жағдай қателік емес, бұл кез келген адамның басында болуы мүмкін. Сарбаз барлығын дұрыс жасады. Бұған дейін олар оқу гранаттарымен жұмыс істеген болатын, ал жауынгерлік гранатаны қолыңа алған кезде бәрі басқаша", - деді Үмбетов брифингте.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети