Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Гүлнар тур" туристері демалысты сәтсіз өткізуіне байланысты полицияға шағымданды

04 Шілде 2014, 20:16
0
©REUTERS
©REUTERS

 Түркияға демалуға бармақ болған кезекті қазақстандық туристердің ойлары жүзеге аспай қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Гүлнар тур" компаниясының жолдамасымен Түркияға ұшуы керек 55 павлодарлық туристің сапары кейінге шегерілді. Осыған байланысты тоғыз турист полицияға шағым түсіріп үлгерген.

"Бізге туристік компанияның Павлодардағы филиалынан хабарласып, ұшақ ұшырылымы кейінге шегерілгенін айтты. Сондықтан келіп арыз жазып кетуімізді өтінді. Алайда ұшақтың уақытылы ұшатынын болатынын кеше ғана мәлімдеген болатын",- деді Түркияға жолға шыққан туристер. 

"Бұл жағдайды өзіміз де түсіне алмай отырмыз. Біздің бас кеңсеміз рейстердің уақытылы ұшатынын айтып отырды.  Ұшақтың ұшпайтынын біз бүгінгі күнге дейін білген жоқпыз. Рейстердің кейінге шегерілгенін бүгін ғана біліп отырмыз. Бүгін Астанадан 200 адам ұшпай қалса, ертең Қарағандыдан 200, ал Павлодардан 55 адам ұшуы керек болатын", - деді "Трэвел и К" фирмасының Павлодардағы филиалының жетекшісі Лидия Сербина. Оның сөзіне қарағанда, компания осы кезге дейін "Гүлнар турмен" жұмыс істеп келген. Алайда "Гүлнар тур" турфирмасының павлодарлық филиалының қызметкерлері де туристер секілді екі ортада қалдық деп отыр.

Павлодарлық туристердің басым көпшілігі Түркияға барар жолдаманы қаңтар айында алып қойған екен. Ал олардың кейбірі турфирманың қонақ үйлердегі орындарға алдын ала тапсырыс бермегенін білген. Ал орнына бары белгілі болғандары мәселенің мән жайын анықтай алмай әлек.

"Біз таңсәріден Бас кеңсемізбен хабарласа алмай отырмыз. Туристер секілді біз де өзімізді тұтқында отырғандай сезінудеміз. Біз қазір адамдардың қолдарында ваучерлері болғанына қарамастан шетелге шықпауларына кеңес береміз. Мен Анталияда жүргендерге алаңдап отырмын. Басшылар мәселе шешілді деген күннің өзінде мен оған сене қоймаймын. Менде Анталиядан Павлодар рейсіне 124 адам бар. Бірнеше сағаттан кейін оларды отельдерінен қуып шығады", - деді "Гүлнар турдың" павлодарлық филиалының директоры Динара Монтақаева.

Түркияға сапарлары басталмай жатып, көңіл-күйлері су сепкендей басылған туристердің туроператорды алаяқтықпен айналысты деп полицияға шағым түсірген. "Әрине бұл барып тұрған алаяқтық. Біз орнымызды қаңтардың 31-і күні брондап қойған болатынбыз. Соған қарамастан турфирмадағылар бізге қонақ үйге байланысты ешқандай да мәселе туындамайды деп айтып сендірумен болды. Үш адамға 800 мың теңге төледік. Ал қазір ақша да жоқ, демалыста жайына қалды. Қазірдің өзінде тоғыз турист полицияға шағып түсіріп үлгерсе, ал қалған адамдар да шағымдануға әзірлік үстінде. Бізді осы кезге дейін алдап келді", - деді павлодарлық Елена Пушкараева.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай