29 қараша 2017 14:37

Халық әкімдікке үміткерлерді анықтауға қатысуы керек - Ғабидулла Әбдірахымов

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" партиясының хатшысы Ғабидулла Әбдірахымов партия ішіндегі адамдардың арасынан облыс орталықтары әкімдерін таңдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Нұр Отан" партиясының хатшысы Ғабидулла Әбдірахымов партия ішіндегі адамдардың арасынан облыс орталықтары әкімдерін таңдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғабидулла Әбдірахымов Назарбаев университетінде өткен отырыс барысында "Нұр Отан" партиясының бірнеше жаңа ұсыныс дайындағанын мәлімдеді.

"Партия халықты естуі керек, халықтың атынан сөз сөйлеу керек, халық нені қаласа және оларға не тиімді болады соны айтуы керек. Сондықтан біз қазір бірнеше бастаманы ұсынып отырмыз. Бүгін бірнешеуін айтып өтемін", - деді партия хатшысы.

"Облыс орталығының әкімі Президент әкімшілігінің келісімімен облыс әкімі болып тағайындалады. Бұл саяси жұмыс, әкімшілік емес. Меніңше, бұл жерде, яғни, үміткерді анықтауға халық араласуы керек. Сондықтан біз қазір облыс орталығы әкімі қызметіне үміткерлер таңдауға арналған жобаны іске асырамыз", - деді Ғабидулла Әбдірахымов.

Сондай-ақ, партия хатшысы бұл бастамадан соң партия өңірлік басшыларда таңдауға араласпайды деген сөз емес екенін түсіндіріп өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети